00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Кәрім Мәсімов сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді

22 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кәрім Мәсімов сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді
Фото: informburo.kz

Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов сотқа аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлады Elorda.info

Астана қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, іс әлі апелляциялық сотқа түспеген.

Апелляциялық шағым түсті, бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Іс «Аса құпия» режимінде қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етілмейді, - деді қалалық соттан.

Айта кетсек, Мәсімовпен бірге сотталған оның бұрынғы орынбасарлары да аппеляциялық шағым түсіргені хабарланды.