Есірткі сатып жүрген шетелдік азамат ұсталды
27 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Оңерхан
Шетелдік азамат Қазақстанға жұмысқа орналасу үшін келген, алайда, Ақмола өңірі мен көрші облыстарға есірткі жеткізумен айналысқан, деп хабарлады Elorda.info.kz.
Ұстау кезінде жедел қызметкерлер дилерден салмағы 965 грамнан асатын пакетке салған затты тәркіледі. Сараптама нәтижесінде оның гашиш екені белгілі болды.
Есірткінің қара нарықтағы құны – 3 млн теңгеден асады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады