Еліміздің қай өңірінде қыз-келіншектер көп тұрады

7 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Еліміздің қай өңірінде қыз-келіншектер көп тұрады
фото: freepik.com

Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1%. Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті. Әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана.

Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған – 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%, Маңғыстау облысында 32,5% өскен. Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны 1,7 млн.

Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы 34,1 жасты құрайды. Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбектенеді.