Елімізде турлар аясында 2 мыңға жуық бала тегін ұшуды пайдаланды
Елімізде турлар аясында 2 мыңға жуық бала тегін ұшуды пайдаланды, деп хабарлады Elorda.info.
Өтеу сомасы 90,0 млн теңгені құрады. Балалар авиабилеттерінің құнын шегергендегі сатылған турлардың құны 458,0 млн теңгені құрады.
Ең көп таралған бағыт – «Алакөл», барлығы 637 бала тасымалданды, өтемақы сомасы 10,7 млн теңгені құрады.
Келу бойынша екінші орында «Алматы» бағыты, барлығы 561 бала тасымалданды, өтеу сомасы 31,9 млн теңге.
Үшінші орында Каспий жағалауы, өткен жылы мұнда Kids go Free бағдарламасы аясында 350-ден астам бала демалды, өтемақы сомасы 25,5 млн теңгені құрады, - делінген Туризм және спорт министрлігінің ақпаратында.
Ақтау қымбат тұратын турпакеттер саны басым бағыт болып қалады, атап айтқанда 1 000 000 теңге құнынан жоғары.
Айта кетейік, Kids Go Free бағдарламасы аясында 2022 жылы 373 млн теңге сомасына 692 тур жүзеге асырылған, олар бойынша 1 430 бала ұшып кетті, өтемақы сомасы 76,2 млн теңгені құраған.