Елімізде тағы бір мейрам пайда болуы мүмкін
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ашық үкімет порталындағы «ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулысында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан, - деп жазылған қаулы жобасында.
Индустрия министрлігінің мәліметінше, аталған бастаманы Қазақстан азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.