00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде тәттілер бағасы қымбаттады

11 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде тәттілер бағасы қымбаттады
коллаж Elorda.info

Биыл қаңтар-тамызда шоколад пен кондитерлік өнімдер өндірісі 68,8 мың тоннаға жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Тиісті кезеңде сектордағы көрсеткіштердің өсуі екінші жыл қатарынан байқалды.

Отандық кондитерлер сектордағы сұраныстың 47,6 пайызын қамтамасыз етті. Ішкі нарықта кондитерлік өнімдерді сату көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 23,2 пайызға артып, 111,9 мың тоннаны құрады.

Биыл қыркүйек соңында шоколад бағасы бір айда 0,4 пайызға өскен. Былтыр қыркүйекте айлық өсім 2,5 пайыз болды. Шоколад бағасының жылдық өсімі 10,8 пайызды құраса, бір жыл бұрын бағаның өсуі 21,5%-ға жеткен. 

Жалпы, кондитерлік өнімдер бір жылда 13,7 пайыз қымбаттады.