00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде пәтер құны арзандап жатыр

5 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде пәтер құны арзандап жатыр
Оңалхан Өнерхан

Мамырда Қазақстанның 13 қаласында екінші нарықта пәтер бағасы түсті. Тек төрт қалада қымбаттап жатыр, деп хабарлады Elorda.info  Krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Мониторингке сәйкес, өткен айдың қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңгені құраған. Бұл сәуірге қарағанда 0,4%-ға аз.

Баға қатты төмендеген қалалар:

— Астанада — 1,3%;

— Өскеменде — 1,2%;

— Атырау — 1%;

— Алматы — 0,9% төмендеген.

Шымкентте, Таразда (+0.2 %), Семейде (+0.4 %), Ақтауда (0.5 %) көтерілген.

Мамырдың қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдің ең жоғары орташа бағасы:

Алматыда — 706 мың

Астанада — 475 мың

Шымкентте — 433 мың.

Ең төмені – Қызылордада (236 мың), Ақтөбеде (293 мың), Таразда (306 мың) тіркелген.

Жыл басынан бері екінші нарықтағы пәтерлер айтарлықтай қымбаттады: +0,4 %.

Ең қатты өсім – Ақтауда +4,2 %, ең төмені Көкшетауда — 3,3 %.

Жалпы бес айда 12 қалада баспана қымбаттаған, соның ішінде Алматыда, Шымкентте - 2%, бес қалада, соның ішінде Астанада — 1,7 % арзандаған.

Ал, бір жылдық динамика бойынша (2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейін) екінші нарық орташа 3,8 %-ға қымбаттаған.

Ең үлкен өсім Ақтауда - 13,4 %. Ең төмені Талдықорғанда — 5,2 %.