00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде мүмкіндігі шектеулі 188 мың бала бар

21 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде мүмкіндігі шектеулі 188 мың бала бар
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде мүмкіндігі шектеулі 188 мың бала бар, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Инклюзивті білім – жалпы білім беру сапасын жақсартудың заманауи құралы. «Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санаты кеңейтілді. Енді олардың қатарына аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан және мигрант отбасылар мен қандастардың балалары жатады. Соның ішінде денсаулық жағдайы бойынша оқу барысында қиындықтарға тап болған балаларда бар, - деді Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова.

Орталық басшысының айтуынша, жалпы санатқа жататын балалардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау өте маңызды.

Бүгінде елімізде 0-18 жас аралығында мүмкіндігі шектеулі 188 144 бала бар. Оның ішінде: 0 жастан 3 жасқа дейінгі ерте жастағы – 7719 бала, 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балалар – 47726 бала, 6-16 жастан бастап мектеп жасындағы балалар – 117709 бала, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер – 14990 құрайды,- дейді ол.

Сондай-ақ, спикер инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру бағытында кешенді шаралар қабылданғанын айтып өтті.