00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде мұғалім мен дәрігер әйелдер көп

23 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде мұғалім мен дәрігер әйелдер көп
Оңалхан Оңерхан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған Еңбек нарығын дамытудың 2029 жылғы тұжырымдамасында қазақстандағы ерлер мен әйелдердің еңбек нарығындағы портреті жасалды, деп хабарлады Elorda.info

Жобаға сәйкес, әйелдердің еңбек нарығындағы белсенділігі ерлерге қарағанда төмен. Мысалы, адам өміріндегі еңбек өнімділігі жөнінен сапалы шақ -  31 мен 36 жас аралығында ерлердің белсенділігі 37 пайыздан жоғары болса, әйелдер арасында бұл көрсеткіш 32 пайыз шамасында. 

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер белсенді еңбек ететін жұмыс салаларында да айырмашылық бар. 

Мысалы, ерлердің басым бөлігі құрылыс (86 пайыз), Тау-кен өнеркәсібі (83 пайыз), Көлік және қойма мен ауыл шаруашылығы (79 пайыз) салаларында қызмет етсе, әйелдер көп еңбек ететін салалар төрттігі келесідей:

-денсаулық сақтау – 82%;

-білім беру – 80%;

-мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру – 68%;

-қаржы және сақтандыру – 63%.

Сапалы жұмыс орындарын құру кезінде халықтың барлық топтары үшін инклюзивтілік мәселелерін жіберіп алмау маңызды. Географиялық және білім беру кедергілері сапалы жұмыс орындарын құруға қиындық туғызады. Қыздарға білім беру, қыздарға жоғары және кәсіби қолжетімділік, әйелдерге арналған біліктілікті арттыру да мемлекеттік саясаттың басымдығында болуы керек, – делінген тұжырымдама жобасында.

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер үшін сапалы жұмыс орындарының болуындағы айырмашылықтар мектепке дейінгі білім берудің қол жетімділігі мен сапасына байланысты екені айтылады. Мектепке дейінгі білім берудің жоғары деңгейі мен сапасы әйелдерді мансаптық және сапалы мамандықтарға тартуға ықпал етеді. Тең жалақы әйелдердің дәстүрлі қызмет салаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.