Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады
фото: Оңалхан Өнерхан

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы 6,1%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату – 4,1%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2025 жылғы қаңтарда 10% жоғарылаған.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында жылдық мәндегі баға Павлодар – 13,8%-ға, Ақтөбе – 13,6%-ға, Көкшетау қалаларында 13,4%-ға айтарлықтай өскен. Қолданыстағы пәтерлер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Атырау (17,3%) мен Астанада (14,5%), тұрғын үйді жалға алу бойынша Астана (30,1%), Талдықорған (27,7%), Шымкент (19,6%) қалаларында байқалды.