Елімізде «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы басталды

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.
Аталған науқан «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен басталады.
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар, Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту шараларына қатыса алады.
Ұқсас жаңалықтар

11 қазан, 2025
«Жанжал экономикасы» және ондағы қалалық пабликтердің рөлі қандай

10 қазан, 2025
«40% жеңілдік»: ҚТЖ билетке жеңілдікті желтоқсан айына дейін ұзартты

10 қазан, 2025
Қазақстанда «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды

9 қазан, 2025
Астанада жаңа пәтерлер бір айдың ішінде рекордтық деңгейде қымбаттады