00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 963 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

15 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 963 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды
Фото: primeminister.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында еліміздегі халықты жұмыспен қамту саласының негізгі қызметтерімен таныстырды, деп хабарлайды Elorda.info.

О.Ордабаев ел халқын жұмыспен қамту саласындағы қызметтің негізгі түрлері азаматтарды мемлекет қаржыландыратын тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарымен қамту болып табылатынын атап өтті.

Жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған жұмыс орындарына орналасуға қажетті тәжірибесі, біліктілігі, дағдылары жетпеген жағдайда Мансап орталықтары жұмыс іздеушілерді қысқа мерзімді оқуға жібереді. Бұдан басқа, өздігінен білім алуға құштар болған азаматтар үшін Электрондық еңбек биржасында дағдысын арттыру немесе жаңа кәсіптік дағдыларды игергісі келетіндер үшін онлайн-оқудан тегін түрде өтуге мүмкіндік қарастырылған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 963 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Ұлттық жобалар шеңберінде 265,1 мың азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 198 мыңнан астамы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілді. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 382,4 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына – 316 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 50%-дан астамы немесе 472,9 мыңы – 35 жасқа дейінгі жастар, – деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол өңірлер бөлінісінде Түркістан (14%), Жамбыл (6%), Алматы (6%) облыстары мен Алматы (11%), Астана (6%), Шымкент (6%) қалаларына жұмысқа орналастырылған азаматтардың 52%-ы тиесілі екенін айтты.