00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 7 606 орта медицина маманы тапшы

12 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 7 606 орта медицина маманы тапшы
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.

2007-2017 жылдар аралығындағы кезеңде педиатриялық факультеттерге талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылған жоқ. Бұл мамандардың тапшылығы әкелді. Әсіресе, стационар деңгейіндегі мамандарға және арнайы бейінді мамандардың тапшылығына (балалар реаниматологтары-анестезиологтары, кардиологтар, пульмонологтар, гастроэнтерологтар) қатты әсер етті. Мамандықтар бөлінісінде анестезиолог-реаниматологтар (ересектер, балалар) – 787, акушер-гинекологтар (ересектер, балалар) – 291, педиатрлар – 304, неонатологтар – 104, балалар инфекционистері – 65, балалар невропатологтары - 51 және тағы да басқа мамандықтар арасында кадр тапшылығы байқалады, - деп жазылған тұжырымдамада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, маман тапшылығы салдарынан кейбір қызметкерлер қосалқы жұмыс атқарып жүр. Сонымен қатар, ел бойынша 7 606 орта медициналық персонал жетіспейді. Оның 6 468 маман қалаларға қажет болса, 1 138-і ауылдарда тапшы.