00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
фото: Оңалхан Өнерхан

1 қазанға жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен еліміздің аумағында 13 707 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 799 жұмыс беруші бар. Оларда 390,2 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,6%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 144 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 638 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 439, , өңдеу өнеркәсібі – 1 376 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 344 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 600 адам, Өзбекстан – 1 698 адам, Түркия – 1 145 адам, Үндістан – 1 101 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.