Еңбек сіңірген жаттықтырушы Республика күніне арнаған өлеңін оқыды
Еліміз үшін басты мереке саналатын Республика күніне орай барша қазақстандықтарды құттықтау мақсатында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Олжас Әкімов, өзінің Instagram әлеуметтік желі парақшасына "Еркіндігі елімнің" атты өлеңін оқып, барша қазақ халқын айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар, мекеме басшысы сиясы кеппеген өлеңін Ұлттық мереке мәртебесіне ие болған Республика күніне арнайтынын айтты.
Бұл еліміз үшін маңызды мереке саналатын Республика күніне арнап жазған, сыясы кеппеген авторлық өлеңім. Биыл міне, 25 қазан Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтуде.
Ата-бабамыз осы күнге дейін Тәуелсіздік үшін, бостандық үшін қаншама тер төкті. "Еркіндігі елімнің" атты өлеңімді Республика күніне арнаймын. Еліміз үшін бұл үлкен қуаныш, үлкен мереке деп санаймын. Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін,- дейді Олжас Азатұлы.
Еркіндігі Елімнің!
Мекені бұл Бабамның,
Құлашын жайып Отаным.
Ашық аспан еркіндік,
Ұлан ғайыр жерімнің.
Ұлтың рухы көк байрақ,
Зау биіктен тұр жайнап.
Ата-жұртың арманы,
Ғұмыры ұзақ Ел болад.
Қазақ деп соққан жүрегім,
Киелі менің мекенім.
Азат елде арысты,
Ұлтым менің намысты.
Ұлы қазақ еліміз,
Тұнған тарих жеріміз.
Бірлік туын жамылып,
Тарлан дала жолымыз.
Ата-мұра шежіре,
Жүрек согад елжіреп.
Ізгі нұрын себелеп,
Арғы тектің тілегі ед.
Топырақ ыстық туыммен,
Иіс қазақ еліммен.
Сыры бөлек дәуірім,
Баянды болсын ғұмырың.
Алтын күнмен қыраным,
Тарихы терең тағдырың.
Салт-дәстүрмен ұштасып,
Сан ғасырғы Елімнің.
Асқаралы адамзат,
Мәңгі Қазақ жас ұрпақ.
Ұшан теңіз жерім бар,
Өркениетті елім бар!