Былтыр курортты аймақтарда демалған туристер саны 30%-ға өскен
2022 жылы отандық курортты аймақтарда демалған туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға өскен, деп хабарлады Elorda.info.
Осының арқасында Қазақстанның қонақүйлері 102 млрд теңгеден астам табыс тапты. Көрсетілген қызметтер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Сондай-ақ курортты аймақтардағы төсек-орындардың саны 102 мыңнан 106 мыңға дейін артты.
Пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда Қазақстанның курортты аймақтарында туристер саны үш есе, ал көрсетілген қызметтер көлемі 6 есе өсті.
Бұл ретте саяхатшылар көбінесе Алматы тау кластерінде, Бурабайда, Маңғыстау курортты аймағында және Алакөл көлінің жағалауында тоқтайтынын айта кеткен жөн.
Қазіргі уақытта ең танымал бағыттар бойынша туристік инфрақұрылымды дамытуда белсенді жұмыс жүргізіліп отыр. Біздің мақсатымыз – бірнеше жыл ішінде ішкі туристердің жалпы санын 11 млн адамға дейін, ал кіретін туристерді – 4 млн адамға дейін ұлғайту үшін курорттар мен демалыс аймақтарының қолжетімділігін, сондай-ақ сыйымдылығын арттыру, атап айтқанда, қазір жаңа нысандар салынып жатыр, ал туризм саласындағы кәсіпкерлер субсидия алып келеді, - деп атап өтті ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.