Биыл әлеуметтік инспекторлар 860-тан астам тексеру жүргізді

Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар 860-тан астам тексеру жүргізді, оның 343-і жоспардан тыс, 272-сі – профилактикалық бақылау шеңберінде, 245-і – прокуратураның талабы бойынша өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 405 ұйғарым берілді, 54,3 млн теңгеден астам сомаға 260 айыппұл салынды.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 50, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 214, мемлекеттік мекемелер – 63, балабақшалар – 35, мектептер – 89, колледждер, лицейлер – 13, ауруханалар, емханалар – 83, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 55, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 39, ДК – 25, дүкендер – 57, сауда үйлері – 10, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 16, полиция пункті – 6, стоматология – 6, кітапхана – 3, мәдениет үйлері – 10, мұрағаттар мен мұражайлар – 3, санаторийлер – 3, пошта қызметі бөлімшесі – 6, спорт мектептері – 14, нотариус – 1, банктер – 11, оңалту орталықтары – 2, өзге де 46 объекті қамтылды.
Осылайша, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 1-топтағы мүгедек Карима Ақжанның өтініші негізінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының аудандық бөлімшесіне халықтың жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулілігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша субъектіге ұйғарым шығарылып, қазіргі уақытта ол толығымен орындалды.



