Биыл колледж студенттері үшін 11 жаңа жатақхана салынады
Биыл колледж студенттері үшін 2,6 мыңнан астам төсек-орынға арналған тағы 11 жаңа жатақхана ашу жоспарланған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл шаралар оқытудың табысты процесін қамтамасыз етуге және техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылады. Өткен жылы ғана еліміздің тоғыз өңірінде 13 жатақхана ашылды. Біз бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Биыл Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тағы 11 жаңа жатақхана іске қосылады. Қазіргі таңда олардың құрылысына инвесторлар тартылуда, - деп атап өтті департамент директоры Әсет Мұханбетов.
Қазір Қазақстандағы колледж студенттерінің 87%-дан астамы жатақханада тұру мүмкіндігіне ие.