Биыл еңбек инспекторлары 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
11 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 426 кәсіпорнында 13,6 мың жұмыскердің алдында 2,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 445 нұсқама беріліп, 64,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,1 млрд теңге төленді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:17
Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды
Бүгін, 10:42
Биыл 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Бүгін, 09:57
Демалыс лагерьлеріне жолдама «Әлеуметтік әмиян» арқылы берілуі мүмкін
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді