Биыл 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Соңғы 8 ай ішінде шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады Elorda.info PrimeMinister.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық және 15,3 млн шаршы метрді құрайтын жылдық жоспардың 65%-ы. Жалпы республика бойынша 86 616 тұрғын үй салынды, оның 22 368-і – жеке тұрғын үй. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция есепті кезеңде 1,7 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары.Жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі барлық өңірлерде өсті, - деп жазылған хабарламада.
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.