00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаржы орталығы студенттердің стипендиясы қалай төленетінін түсіндірді

Бүгін, 15:42
Торғын Аман Торғын Аман
Қаржы орталығы студенттердің стипендиясы қалай төленетінін түсіндірді
фото: Оңалхан Өнерхан

«Қаржы орталығы» АҚ студенттердің стипендиясы қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2008 жылғы 7 ақпандағы №116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, 1 курс студенттеріне қыркүйек айы үшін мемлекеттік стипендия қазан айында, яғни 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін төленеді.

«Сондай-ақ, Медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленеді. Төлемдер қазан айының соңында түседі», - делінген хабарламада.

Ауыспалы курс студенттер контингентіне (барлық басқа студенттерге) қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асырылады, яғни стипендия қыркүйек айының соңына дейін түсетін болады.