00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға сыйақы төленді

23 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға сыйақы төленді
Фото: Рolisia.kz

Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға шамамен 7 миллион теңге төленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында қару-жарақпен жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өтіп жатыр.

Бүгінгі таңда 90 азамат полиция органдарына 105 тіркелмеген қару, оның ішінде 94 тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырған. Қаруды ерікті түрде тапсырғаны үшін оның түріне және техникалық жағдайына байланысты сыйақы қарастырылған. Сонымен қатар ішкі істер органдарына заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған 69 азаматқа 7 миллион теңге төленді.

«Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.