00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Бірге салайық»: Жұмыссыз азаматтарға арналған жаңа жоба басталды

13 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Бірге салайық»: Жұмыссыз азаматтарға арналған жаңа жоба басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналастыру бойынша жобасын бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі арнайы платформа әзірледі. Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады. Жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады. Қазіргі уақытта платформада 42 бос жұмыс орны бар.

«Біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әрбір адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысудамыз. Өңірлер үшін бұл өте маңызды, өйткені, қазір білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет екенін айта кету керек», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.