Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Бүгін, 09:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті
Фото: Қасымхан Бегманов/Facebook

85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай дүниеден өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Бүгін таңнан суық хабар жетті. Таңғы сағат төрт шамасында 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады», - деп жазды Қасымхан Бегімханов. 

Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған, көрнекті лирик ақын Исраил Сапарбайдың артында сұлу сазды әндері, қазақ поэзиясының қоржынына мұра болған өлеңдері және өз оқырманын тапқан пьесалары қалды.