00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бас прокуратура аса ауыр қылмыс жасаған 300-ге тарта адамды іздестіріп жатыр

Бас прокуратура аса ауыр қылмыс жасаған 300-ге тарта адамды іздестіріп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Елімізде 284 адамға аса ауыр, 1553 адамға ауыр, 574 адамға орташа және онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған, деп хабарлады Elorda.info

Бас прокуратура мәліметінше, биыл жыл басынан бері іздеу жарияланған 684 адамның 473-і ұсталған.

Ресей, АҚШ, Түркия, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинадан бүгінгі таңда елге 95 азамат қайтарылды. Бұл қылмыстық қудалау органдарының үйлестірілген қызметі, іздестіру дерекқорларының күнделікті мониторингін ұйымдастыру және прокурорлық тексерулерді жүргізу, сондай-ақ халықаралық әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде мүмкін болды, – делінген ведомство хабарламасында.

Елімізде қылмыскерлерді ұстау үшін цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Бет-әлпетті танудың отандық алгоритмі жасалды, оның көмегімен 20-дан астам күдікті анықталды.

Сондай-ақ прокурорлар 2022 жылдан бастап іздестіру жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін «электрондық іздестіру журналы» жүйесі іске асырылып жатқанын жеткізді.