Балаларға арналған жеке SIM-карта жасау ұсынылды
21 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
фото: grodnonews.by
Оқу-ағарту министрлігі ұсындай ұсыныс білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балалар SIM-картасы ата-аналардың тікелей бақылауында болатынын айтты. Мұндай SIM-картаны ата-аналардың телефондарына байланыстыру керек.
Біз бұл жүйені енгізуді ұсынамыз. Бұл баланы бақылау. Яғни балаңыз қандай сайттарға кіреді, қандай әлеуметтік желілерде отырады дегенді тікелей көре аласыз. Сонымен қатар уақытты шектеу мүмкіндігі де бар. Біз министрлік тарапынан балалардың қауіпсіздігі үшін осыны ұсынамыз, - деді вице-министр.
Ұқсас жаңалықтар
25 қараша, 2024
Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды
25 қараша, 2024
Биыл 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
25 қараша, 2024
Демалыс лагерьлеріне жолдама «Әлеуметтік әмиян» арқылы берілуі мүмкін
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді