Қазақстандықтар Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасына 26 миллион теңге жинап берді
15 маусым, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Қазақстандықтар алапат өрт кезінде көз жұмған Новошульбі филиалы Успен орман шаруашылығының басшысы Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасына 26 миллион теңге жинап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Блогер, қоғам белсендісі Гүлмира Әбдірашева ақша жинаудың аяқталғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтардан 22 сағатта 26 миллион теңгеден астам қаржы жиналған.
Бұл қаражат Мейрамгүл Жиенбаеваның балаларына Астана қаласынан пәтер алып беруге жұмсалады.
Мейрамгүл Жиенбаеваның артында 15 жастағы ұлы мен 5 жасар қызы қалды. Марқұм үшінші баласына жүкті болған.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады