Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттап кетті
17 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы бір жылда 27 пайызға көтерілген, деп хабарлады Elorda.info.
КТК телеарнасының мәліметінше, әсіресе, бағаның өсуін Шымкент тұрғындары сезген. Оңтүстік мегаполисте пойызбен жүру құны – шамамен 80 пайызға өскен.
Жетісу облысының тұрғындарына да теміржолмен саяхаттау тиімсіз болып тұр. Мұнда баға 47 пайызға өскен. Антирейтингтің үштігіне Қызылорда облысы кірген.
Елдің шығыс бөлігінде, Алматы мен Ақтөбе облыстарында билет бағасы аса көтерілмеген. Жалпы орташа есеппен алғанда плацкарт вагонымен республикалық қатынау 28 пайызға өскен, ал купемен жүру – 27,5 пайыз.
Ұқсас жаңалықтар
11 қыркүйек, 2024
Бектенов Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
10 қыркүйек, 2024
Дарын Бөргеков: АЭС-ті бүгін емес, кеше салуымыз керек еді
10 қыркүйек, 2024
Елордада алимент төлемеген 90 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
10 қыркүйек, 2024
Биыл 40 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды