00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда Ата-аналар кодексі әзірленеді

24 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда Ата-аналар кодексі әзірленеді
Фото: BAQ.KZ

Елімізде Ата-аналар кодексі әзірленетіні белгілі болды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарында айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, суицид деңгейін төмендету және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ата-ана мәселесі жеке қарауды талап етеді. Жүргізілген көп аспектілі талдау ата-аналардың ата-ана құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы нормативтік ережелерді шоғырландыратын, оларды түсінудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ететін, оларды азаматтар үшін қолжетімді баяндайтын, ата-аналардың ата-ана функцияларын жүзеге асыруда мемлекеттік қолдау іс-шараларын айқындайтын құжат ретінде Ата-аналар кодексін әзірлеудің өзектілігін көрсетеді. Ата-аналар кодексінің мақсаты – мемлекет пен азаматтардың ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін, олардың Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқаты үшін жауапкершілігін айқындауға әріптестігі негізінде жүйелі-тұтас тәсілді іске асыру, - делінген құжатта.