00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді

26 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді
Фото: BAQ.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат).

Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 080 және 891 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. Оларда 411,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы, – делінген хабарламада.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 317 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам , тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам, өңдеу өнеркәсібі – 960 адам.

Еңбек мигранттары негізінен Қытай – 3 652 адам (24 пайыз), Өзбекстан – 1 843 адам (12 пайыз), Үндістан – 1 741 адам (12 пайыз), Түркия – 1 534 адам (10 пайыз) елдерінен келеді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. Биыл жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24 пайыз немесе 22 260 мөлшерінде белгіленді.