Ауыл тұрғындары енді сапалы ем қабылдай алады

Ауылдық және шалғай өңірлердің тұрғындарын қоса алғанда, халықтың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі «Онлайн медицина» пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның басты міндеті – үздік мамандарды тарту үшін телемедициналық технологияларды енгізу, диагноздарды нақтылау және уақтылы тиімді ем тағайындау.
Жоба еліміздің сегіз өңірін – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын қамтиды.
Оған әртүрлі деңгейдегі 100 медициналық ұйым қатысады. Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы үйлестіруші болып табылады.
Күтілетін нәтижелер:
• ауылдық өңірлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
• консультациялар мен емдеуді күту мерзімін қысқарту;
• халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту;
• тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық қызметтерге тең қолжетімділік.
Айта кетейік, «Онлайн медицинаны» енгізу денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болады. Бұл ауыл тұрғындарына дәрігерлердің кеңестеріне және зерттеп-қарауларға өз ауданынан шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндік береді.



