00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ауыл мектептері оқушыларының контингенті жылдан жылға қысқарып жатыр – депутат

17 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ауыл мектептері оқушыларының контингенті жылдан жылға қысқарып жатыр – депутат
коллаж Elorda.info

Астанада «Ауыл мектептерінің оқушыларына қосымша онлайн білім беру мен дайындық курстарының қолжетімділігі мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Дөңгелек үстелге Сенат және Мәжіліс депутаттары, орта білім беру, ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша жауапты министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, сондай-ақ оқушыларды қосымша онлайн оқыту бойынша білім беру орталықтарының өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда еліміздегі ең өзекті тақырыптардың бірі – қала мектептері мен ауыл мектептерінің білім беру сапасындағы алшақтық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылғы дәстүрлі тамыз конференциясында «Ауыл балалары мен қала балаларының білім деңгейінде алшақтық болмауы тиіс. Ата аналарының тұрғылықты жері мен әлеуметтік статусына қарамастан, балаларға сапалы білім қолжетімді болуы керек» деп осы мәселеге ерекше назар аударған еді, - деді Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов.

Жиын мақсаты – ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеру және ауылдық оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну.

Соңғы статистикалық деректерге сүйенсек, мемлекеттік мектептердің жалпы санының шамамен 70%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Ол мектептерде бір жарым миллионға жуық ауыл балалары оқиды. Алайда ауыл мектептері оқушыларының контингенті жылдан жылға қысқаруда. Қазіргі таңда қалалық мектептердегі білім алушылар саны жалпы оқушы контингентінің 60%-ын құраса, 40%-ын ауылдық мектептердің оқушылары құрайды. Бұл ауыл тұрғындарының қалаға көптеп көшіп-қонуымен, яғни еліміздегі урбанизациялық үдерістерге байланысты, - деді депутат.