«Арт спорт» денсаулықтың кепілі ме әлде дерті ме?»: Сенатор бағдарламадағы күрделі мәселелерге тоқталды


Сенатор Геннадий Шиповских «ART Sport» бағдарламасы туралы премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту және балаларды спорттық секциялармен, шығармашылық үйірмелермен қамту мақсатында 2021 жылдан бастап Art Sport бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама жан басына қаржыландыру қағидаты бойынша жұмыс істеп, балаларды тегін спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатысуына мүмкіндік беру тиіс. Алайда бағдарлама басталғаннан осы уақытқа дейін қаржының тиімсіз жұмсалуы, спорттық инфрақұрылымның талапқа сай болмауы, қызмет көрсетушілердің заңсыз әрекеттері, жүйелі бақылаудың әлсіздігі секілді күрделі проблемалар анықталып келеді. Осы ретте кейде Art Sport денсаулықтың кепілі ме, әлде дерті ме?» деген ой келеді»,- деді Геннадий Шиповских .
Сенатор бағдарламаға қатысты күрделі мәселелерге тоқталып өтті.
«Бірінші, қаржы жымқыру және жалған ақпарат беру фактілері. Кейбір кәсіпкерлер балаларды үйірмелерге формалды түрде тіркеп, сабақ өткізбесе де мемлекеттен қаржы алған. Балалардың сабаққа қатысуын растайтын электрондық жүйе болмағандықтан жалған мәліметтер ұсынылып, «бір топтағы балалардың бірнеше секцияға қатысып жатыр» деп көрсетіп бюджеттен артық ақша алу анықталған. Екінші, спорттық инфрақұрылымның талаптарға сай келмеуі. Көптеген спорттық нысандарда ыстық су, душ, ауа желдеткіші, өрт қауіпсіздігі жүйелері жоқ. Оқу процессіне қажетті қажеті құрал-жабдықтар жетіспейді. Жаттықтырушылардың біліктілігі төмен және олардың көбі тиісті сертификаттарға да ие емес. Өңірлердегі теңсіздік. Ауылдық жерлерде спорттық секциялар жеткіліксіз, ал балалар ірі қалаларға қатынай алмайды және қаржыландыру тетіктерінің жетілдірмеуі салдарынан кейбір өңірлерде бағдарлама жартылай немесе толық тоқтап қалған. Бұл Ақтөбе, Түркістан, Павлодар облыстарында тіркеліп отыр»,- деді ол.
Сонымен қатар сенатор Бас прокуратура ұсынған сандық деректерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, бағдарлама аясында түрлі заң бұзушылықтар бойынша 38 прокуратуралық қадағалау актісі енгізіліп, 600 астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі қаражат қайтарылған. Сондай ақ, 22 қылмыстық іс қозғалып, 8 адам сотталған. Республика бойынша іс жүзінде сабаққа қатыспаған 8 мыңнан астам баланың тіркеуі белгілі болып,. 1064 секция санитарлық талаптарға сай келмейтін жер төлелерде, пәтерлерде және жабдықталмаған залдарда өткізілген.
Геннадий Шиповских бағдарламаның сапасын бақылау тетіктерінің жоқтығы оның негізгі мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бермегенін айтты.
«ART Sport» бағдарламасы - бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды бастама. Алайда оның тиімді іске асырылуын қамтамасыз етпесек, бөлінген қаражаттың тиімділігі төмендейді. Ал балалар сапалы спорттық білім алудан шет қалады. Осыған орай Үкімет тарапынан нақты шаралар қабылдап, бағдарламаға төмендегідей өзгерістер енгізуді сұраймын. Бірінші, «Дене шынықтыру және спорт туралы»еліміздің заңына өзгеріс енгізу арқылы мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды аудандық және қалалық деңгейге беру; Екінші, әрбір баланың қатысу туралы биометриялық растау формасына енгізу; Үшінші, спорттық секцияларға балаларды географиялық орналасу қағидасына сәйкес әділ бөлу механизмін енгізу; Төртінші спорт ғимараттарына қойылатын талаптарды қатаңдату, барлық нысандардың спорттық және санитарлық, қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету; Бесінші, бағдарлама аясында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланған кәсіпкерлерге қатаң санкция қолдану , қайталанған жағдайда мемлекттік тапсырыстан шеттету туралы шешім қабылдау »,- деді сенатор.



