Алматыдағы өрт: Президент қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
30 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.
Естеріңізге саламыз, бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 азам көз жұмған болатын.
Қала әкімдігі тілсіз жаудан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады