Алматы облысында пара алған соттың судьясына үкім шықты
19 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөзден
А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды.
Қонаев қалалық соты А. Абдрахмановты 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, ал А. Асилбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады. Пара берген азамат 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деді Антикордың баспасөз қызметі.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
16 қыркүйек, 2024
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
16 қыркүйек, 2024
«Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдау басталды
16 қыркүйек, 2024
Манарбек Қылышқанов: Қазақстан – атом энергетикасымен жаңадан танысып жатқан жоқ
13 қыркүйек, 2024
Маңғыстау облысында тағы 16 оқушы уланып қалды