00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы – Астана бағытында қосымша пойыздар жүреді

21 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматы – Астана бағытында қосымша пойыздар жүреді
фото: egemen.kz

Бұл туралы "ҚТЖ" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде Алматы мен Астана бағыттарында билеттер жоқ деуге болады. Себебі билеттер сатылымға 45 күн бұрын шығады. Алдын ала жоспарлаған тұрғындар пойыз билеттерін 40-45 бұрын сатып алған. Осы жағдайды назарға ала отырып, біз жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздарды жолға шығаратын боламыз. Соның ішінде Алматы – Астана бағыттары бойынша екенін атап өту қажет, - деп жауап берді спикер тілшілердің сауалына.