Алматыда 7 баллдан асатын жер сілкінісі күтілмейді – Сейсмология орталығы
Сейсмология орталығы Алматыда 7 баллдан асатын жер сілкінісі күтілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Отырысқа азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және аумақтық бөлімшелер қатысты.
«Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 баллдан асатын жер сілкінісі күтілмейді.
Сонымен қатар, көлік қызметі Алматы қаласының әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Түндегі Алматыда орын алған сейсмологоиялық жағдай кезінде кезекші ауысым күтпеген жағдайлар жоспарына сәйкес әрекет еткен.
Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің күштері мен құралдары қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
Отырыс соңында ТЖ министрі тиісті азаматтық қорғау қызметтеріне бірқатар тапсырмалар берді.