00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Абай облысы Бұлақ ауылының тұрғындары эвакуацияланды

12 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Абай облысы Бұлақ ауылының тұрғындары эвакуацияланды
коллаж Elorda.info

Бұлақ ауылынан Семей қаласына эвакуацияланған ауыл тұрғындары өздерін жақсы сезінеді. Тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген, деп хабарлады Elorda.info Абай облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар табиғи апат аймағында қалған адамдар өрт болған жерде әкімдік еріктілермен бірлесіп тұрғындарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін айтты.

Кеше қатты түтін шығып, әкімдік ТЖ қызметкерлерімен бірге бізді эвакуациялады. Эвакуация жақсы өтті, бізді автобуспен Семей қаласына жеткізді. Мұнда бізге өрт аяқталғанша күту үшін қажет нәрсенің бәрі бар, - деді Жиенгүл Құрмашова.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде орман өртінің қалың түтініне байланысты Семей қаласына қарасты Бұлақ ауылының 80-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды. Адамдар эвакуациялық пункттерге орналастырылып, азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі таңда Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде 150-ге жуық адам, Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары орналасқан. Бұрын хабарланғандай, қалада 9 эвакуациялық пункт жабдықталған, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын.