00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақмола облысындағы 15 отбасы жаңа үйлерге ие болды

12 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Ақмола облысындағы 15 отбасы жаңа үйлерге ие болды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұланды ауданының Капитоновка ауылынан 15 отбасы жаңа үйлерге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.

«Ибис-К» ЖШС мердігерлік ұйымы жалпы ауданы 3 280 м2, бір үйдің ауданы 80 м2 жаңа үйлер салды.

«Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 29 мамырында басталды. Тұрғындар кілттерді 4 қыркүйекте алды. Барлық тұрғындар жаңа қонысқа көшкендеріне қуанышты. Өйткені олардың су басқан үйлері, негізінен, 70,80 жыл бұрын салынған. Ал қазір жаңа көшенің тұрғындары қоныс тойын тойлауда. Енді жаңа қоныс иелері қосалқы шаруашылықтар үшін өз сарайларын салатын болады», - деп атап өтті Капитоновка ауылдық округінің әкімі Зарина Янкова.

Қазіргі уақытта Бұланды ауданының Журавлевка, Иванковка және Вознесенка ауылдарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 үйдің құрылысы аяқталуға жақын.