85 мың теңге алмау үшін оқу керек – Светлана Жақыпова

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға журналистер «85 мың теңгені бір айға жеткізу үшін қандай кеңес бересіз?» деп сауал қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«85 мың теңгені алмау үшін біріншіден, оқу керек. Екіншіден, егер жанұя сондай жағдайға тап болса, мемлекет ондай отбасыға көмек береді. Мемлекет тарапынан бала күтіміне байланысты төлемдер төленеді, егер ол төлемдер күнкөріс деңгейінен төмен болса, онда оларға атаулы әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Бүгінгі күні заң бойынша барлық әлеуметтік міндеттемелер толық орындалып отыр. Егер азаматтарда сондай жағдай болса, тиісті басқармаларға барып, өтініштерін беріп, көмек ала алады. Бүгінгі күні қиын жағдайға тап болған азаматтың мүддесін министрлік пен жергілік органдар қорғайды», - деді министр.



