00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде екі мыңнан астам адам бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алды

Елімізде екі мыңнан астам адам бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алды
ашық дереккөз

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлу жөніндегі бірінші ағымның қорытындысы бойынша 2 169 грант берілді. Бірінші ағым аясында барлығы 2 577 грант беріледі, деп хабарлады Elorda.info.

Үміткерлерден барлығы 24,2 мың, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 14,9 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 3,9 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 2,8 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 1,4 мың өтініш қабылданды. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған 898 адам, 69 оралман және 234 қоныс аударушы өтініш берді.

Өтінімдердің ең көп саны Түркістан облысының (5,2 мың) және Шымкент қаласының (3,1 мың), ең аз саны Ұлытау облысының (155) және Қостанай облысының (272) үміткерлерінен келіп түсті.

Гранттарды халықты жұмыспен қамту орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

Комиссияның шешімі үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.