Enbek.kz порталында 29 наурыз күні бос орындар жәрмеңкесі өтеді
29 наурызда Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн- жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жәрмеңкеге еліміздің түрлі өңірлерінен «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Ремстройтехника» АҚ, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС және басқа да 15 ірі жұмыс беруші қатысады. Жәрмеңкеде әр түрлі мамандықтар бойынша 350-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-таныстырылымын өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Іс-шараға қатысу үшін ЭЕБ порталындағы Tanda.Enbek арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын қарап, оларға жауап бере алады.
Өтініш берушілер қатысу үшін порталдың жеке кабинетін ашуы немесе оған кіруі және тіркелуі қажет. Жәрмеңке басталар алдында аталған электрондық поштаға шақыру хаты жіберіледі.