Президент «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Наурыз мейрамына арналған іс-шараға қатысты
Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады