00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде көмір бағасы бір жылда 13 пайызға қымбаттады

Елімізде көмір бағасы бір жылда 13 пайызға қымбаттады
ашық дереккөз

Қаңтар айында республикада қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда 10,4 млн тонна тас көмір өндірілген. Бұл былтырғыға қарағанда 2,3%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Павлодар және Қарағанды облыстарына өндірілген көмірдің барлық көлемінің 90,7%-ы тиесілі. Павлодар облысында 6,6 млн тонна көмір өндірілді, Қарағанды облысынжа – 2,8 млн тонна көмір.

Биылғы қаңтар айында 9,4 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл былтырғыға қарағанда 2,4%-ға аз. Оның ішінде кокстелетін көмір – 517,9 мың тонна, энергетикалық көмір – 1,1 млн тонна.

Өз кезегінде қоңыр көмір (лигнит) өндірісі 14,7%-ға, 673 мың тоннаға дейін ұлғайған. Ал, көмір концентратының өндірісі 33,8%-ға, 242,2 мың тоннаға дейін азайды.

Былтырғы 12 айдың қорытындысы бойынша еліміз 946,5 млн долларға 29,5 млн тонна тас көмір экспорттаған. Заттай өсім 1% болса, ақшалай өсім –89,3%.

ТМД елдеріне 283,1 млн долларға 20,2 млн тонна көмір жөнелтілді. Отандық көмірдің негізгі импорттаушысы – Ресей: 213,3 млн долларға 18,6 млн тонна. Достастық елдерінің арасында қазақстандық көмір Қырғызстан мен Өзбекстанға да жеткізілген.

Әлемнің басқа елдеріне 9,3 млн тонна көмір жөнелтілді. Жылдық өсім –  55,3%. Бұл бағытта ТМД елдеріне қарағанда көмір экспорты 2 есе аз болғанымен, ақшалай мәнде өсім байқалып отыр: 663,3 млн доллар. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,2 есеге артық. Көмірдің негізгі көлемі Швейцария, Польша, Түркия, Кипр және Латвияға жіберілген.

Республика бойынша көмір бағасының ең жоғары жылдық өсімі Ұлытау облысында (+66,2%) тіркелді. Антилидерлер үштігінде Ақтөбе (+27,4%),  Түркістан (+23,3%) облыстары бар.

Ең аз жылдық баға өсімі Ақмола облысында байқалды. Мұнда бір жылда баға 1,8% ғана өскен. Батыс Қазақстан облысында баға өзгеріссіз қалған.