Былтыр 602 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оның сөзінше, өткен жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 756 тексеру жүргізілген.
Нәтижесінде 46 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. 124 қызмет алушының құқығы қорғалды. 602 лауазымдық тұлға тәртіптік, 305 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Агенттік жанында сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде консультативтік-сараптамалық топ құрылып, онда мақұлданған ұсыныстар мемлекеттік органдарға шешім қабылдауға жіберіледі, - деп толықтырды Салауат Мүксімов.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады