00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің екі облысында жағдай күрделі: елуден астам үй су астында қалды

Еліміздің екі облысында жағдай күрделі: елуден астам үй су астында қалды
ашық дереккөз

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жағдай күрделенді, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 50-ден астам тұрғын үй су астында қалды. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 240-тан астам адам эвакуацияланды, оның 20-дан астамы уақытша эвакуациялау пунктеріне орналастырылды, қалғандары туыстарына кетті. 700-ден астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Бөрлі аудандарында су тасқыны қаупі бар елді мекендерге, өзендер мен көлдерге тәулік бойы мониторинг жүргізу жалғасуда.

Жалпы су тасқынына дайындық және оған қарсы күрес кезеңінде 15 мыңнан астам қапқа инертті материалдар салынып төселді, шамамен 300 мың текше метр су сорылды, 300 мыңнан астам текше метр қар шығарылды, 5 мыңнан астам ойық бұрғыланды, 65 мың шаршы метр мұз кесілді.

Орал қаласы, Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандары әкімдерінің шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды.

Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді, оған Қазақавтожол және Қазсушар өкілдері де кірді. Облыстық және республикалық штаб базасында жедел желі іске қосылды. Бір тәулікте ақпараттық сипаттағы 109 қоңырау түсті.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарын қоса алғанда, ТЖМ құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ жеке құрамынан 1000-нан астам адам жұмылдырылды. Жедел жұмыстарда 400-ден астам техника және 200-ден астам су айдау құралдары қолданылуда.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.