Астанада жұмыспен қамту басқармасының бұрынғы басшысына пара алғаны үшін айыппұл салынды
Астана қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бұрынғы басшысы пара алған6 деп хабарлады Elorda.info елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалдары бойынша бұрынғы басқарма басшысы жұмыссыздарды оқытуға шарттар жасасқаны үшін ЖШС директорынан 310 мың теңге пара алды.
Сотталушылар прокурормен кінәні мойындау туралы процессуалды келісім бекітті. Сол себепті қылмыстық іс келісу рәсімі тәртібінде қаралды. Сот сотталушылардың өз ісіне өкінетінін және асырауында кішкентай балалары барын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.
Жұмыспен қамту басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, оған параның 30 еселенген сомасы 9,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды. ЖШС директоры параның 20 еселенген сомасы 6,2 млн теңге көлемінде айыппұл алды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.