Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға 70-тен астам мектеп салынады
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Биыл жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа мектептер салынбақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты деп хабарлады Elorda.info.
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға биыл елімізде 70-тен астам мектеп салынады. Бізде мектеп құжаттары мен тізімі бар. Жуырда мектеп құрылысына қаржы бөлінеді. Мектептер еліміздің барлық өңірінде салынады, - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап бере отырып.
Министрдің сөзінше, жемқорлықтан жиналған ақша жаңа мектептермен қатар құрылысы басталған білім ұйымдарына да жұмсалады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:35
Жұмысынан айырылған 256 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Бүгін, 09:35
Қайтарылған активтерден тағы 8 млрд теңге әлеуметтік нысандарға бағытталды
15 қараша, 2024
Қорғаныс министрлігі: Әскер қатарына мәжбүрлеп алып кету заңға қайшы емес
14 қараша, 2024
Қант диабетіне шалдыққан пациенттерге қандай көмек көрсетіледі