00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстан мен Эстония мәдениет пен спорт саласындағы ынтымақтасты арттырады

18 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Қазақстан мен Эстония мәдениет пен спорт саласындағы ынтымақтасты арттырады
Фото: Сыртқы істер министрлігінен

Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Алтай Көлгінов Эстония Мәдениет министрі Хейди Пургамен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу барысында тараптар бірлескен мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға баса назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады.

А.Көлгінов екі ел арасындағы мәдениет пен спорт саласындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бұл халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты дамытуға ықпал ететін негізгі элементтердің бірі екенін атап көрсетті.

Өз кезегінде Х.Пурга Қазақстанмен мәдени диалогты кеңейтуге қызығушылық білдірді, сондай-ақ Эстонияның «2024 Tallinn Black Nights Film» фестиваліне қатысқаны үшін алғысын білдірді, оның шеңберінде номинациялардың бірі үшін қазақстандық фильм іріктеліп алынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдениет және спорт саласындағы өзара байланысты нығайту жөніндегі күш-жігерді жалғастыруға келісті.