Мерекеге орай көпбалалы аналарға жәрдемақы төленеді
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
8 наурыз мерекесіне орай Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Абай өңірлерінде көпбалалы аналар мен атаулы көмек алатын отбасыларға бір реттік жәрдемақы төленеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер өздері белгілейді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері 11 673 ана 17 720 теңге көлемінде ақша алады.
«Көпбалалы аналар және соның ішіндегі табысы аз азаматтарға 2,5 АЕК, 8625 теңгеден, әлеуметтік көмек төлем жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша 30 мыңға жуық ананы қамтимыз деп отырмыз», - деді Әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Болат Жұмаділ.
Бұл төлем жәрдемақы алып жүрген азаматтардың шотына автоматты түрде аударылады.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді